18:55, 04 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Елбасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыруға және мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жетілдіруге бағытталған «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Сондай -ақ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыруға және заңнаманы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келтіруге, сондай-ақ жекешелендіру мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.