17:08, 16 Тамыз 2010 | GMT +5
Елбасы Н. Назарбаев Арменияда өтетін ҰҚШҰ мүше-мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысады
амыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Тамыздың 20-22-сі аралығында Арменияда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше-мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуі өтеді. Аталған жиынға Елбасы Н. Назарбаев қатысады деп күтілуде.

Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте ведомствоның ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.
«Кездесу барысында Қырғызстандағы жағдайды тұрақтандыруға ықпал ететін шаралар талқыға салынады деп жоспарланған. Бұдан бөлек, мемлекет басшылары ҰҚШҰ шеңберінде дағдарыстық жағдайларға лайықты жауап берудің тиімді жүйесін құру мәселелерін сөз етеді», деді ресми өкіл.