Елбасы Н.Назарбаев «Astana Вallet» хореографиялық ұжымының тұсаукесер концертін тамашалауда
Кеш бағдарламасында әлем халықтарының озық дәстүрлі билерімен қатар шетел классикасы да бар. Айта кетерлігі, осындай ерекше ұжым жасау идеясы елорданың мәдени өмірінің өркендеуіне ұдайы қамқорлық көрсететін ұлттық мамандардың рухани, әрі кәсіби өсуіне әрдайым қолдау танытатын Мемлекет басшысына тиесілі.
«Astana ballet» - Қазақстанның ұлттық би өнерін әлемдік қоғамдастыққа танытатын ең үздік жоба. Ұжым құрамы А. Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінің түлектерінен жасақталған. Ансамбльдің құрылтайшысы - «Н.Назарбаевтың мәдениет, білім беру және әлеуметтік бағдарламалар қоры». Ұжымның басты міндеті - әлемдік өнер талабына сай келетін, сонымен қатар, ұлттық ерекшелігі айқын, жаңа би репертуарын қалыптастыру.
Мәдени кеш дайындығы барысында хореография өнері саласындағы үздік отандық және шетелдік мамандар тартылған. Сондай-ақ, көз тартар қойылымдарды сахналаудың әйгілі шеберлері де жұмылдырылған.