16:43, 20 Сәуір 2011 | GMT +5
Елбасы Н.Назарбаев Эстония кәсіпкерлерін Қазақстандағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуына қатысуға шақырды
ТАЛЛИНН. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Эстония Президенті Томас Ильвеспен болған кездесуден кейін Кадриорг сарайында өткен баспасөз мәслихаты барысында Эстония кәсіпкерлерін Қазақстандағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуына қатысуға шақырды.
«Біз Еуроодақпен көбірек сауда жасауға деген талпынысымызды қолдағаны үшін Эстонияға алғыс айтамыз және осы негізде қазір небәрі 74 миллион долларды құрап тұрған сауда-экономикалық байланыстарымызды көтеру керекпіз. Бұл өте төмен көрсеткіш, ал өзара инвестиция бүгінгі таңда жоқ», - деді Н.Назарбаев.
Елбасының атап өтуінше, Қазақстан әртүрлі жүктерді, соның ішінде энергия тасымалдаушыларды тиеу үшін эстон порттарын пайдалануға мүдделілік танытып отыр. Президент сондай-ақ эстон кәсіпкерлеріне елімізде орындалып жатқан индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы инфрақұрылымды, өнеркәсіптік, медициналық және басқа да жобаларды жүзеге асыруға ат салысуға шақырды.