Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан мен Кембридж университеті құрған Орталық Азия инновациялық қоры жұмысының басталғандығы туралы хабарлады

ЛОНДОН. 26 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Н.Назарбаев Кембридж университетінің профессорлық-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесуі барысында Орталық Азия инновациялық қоры жұмысының басталғандығы және Ұлыбританияның ірі университетінің талантты студенттері үшін әл-Фараби атындағы стипендияның тағайындалғандығы туралы хабарлады.
None
None

«Біз Кембридж университетімен, әсіресе, жаңа технологиялар, жаңғырмалы энергия мен экология салаларында ынтымақтастықты кеңейтуге дайынбыз. Осы ретте, біздің өңіріміздің инновациялық әлеуетін дамытуға сөзсіз, маңызды рөл атқаратын болатын, Қазақстан мен Кембридж университетінің бірлескен күш-жігерімен құрылған Орталық Азия инновациялық қорының жұмысы басталғандығы туралы хабарлағым келеді», - деді Елбасы.

Әлемге әйгілі ғалымымыз әл-Фараби атындағы стипендияның тағайындалуы да аса ауқымды оқиға болып табылады. Бұл өз кезегінде талантты жастарға Кембридж университетінің базасында біздің өңірімізді зерттеуге мүмкіндік беретін болады.

«Бұл біздің ынтымақтастығымызға салынған тағы бір үлес болады деп сенемін», - деп атап өтті Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар