Елбасы Н.Назарбаев Король Абдалла II бен Хусейннің шақыруымен Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапар жасайды

АСТАНА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қарашаның 3-і  мен 4-і  күндері  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Король Абдалла II  бен Хусейннің шақыруымен Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапар жасайды.
None
None

Бұл туралы бүгін журналистермен болған апталық брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында Иордания басшысының Қазақстанға сапары барысында келісілген мәселелердің жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың жағдайы мен болашақ перспективалары талқыланбақ.

Сапар барысында Қазақстан-иордан іскерлік кеңесінің үшінші отырысы өтеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Иорданиядағы Қазақстан мәдениеті күнінің ашылу салтанатына қатысады деп күтілуде. 

Соңғы жаңалықтар