Елбасы Н.Назарбаев православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады

   АСТАНА. 7 қаңтар. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Успен кафедралды соборында болып, еліміздің барша православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады.
None
None

Өз сөзінде Президент Қазақстандағы мұсылмандар мен православие христиандары ірі конфессиялар болып табылатындықтан Құрбан айт пен  Рождество мерекелері демалыс күндері ретінде жарияланғанын  баса айтты.

«Құстың бір қанатпен ұша алмайтындығындай, мемлекет те бір қанатпен өмір сүре алмайды», - деген Н.Назарбаев Қазақстан үшін ислам мен православие қос қанат қызметін атқаратындығын атап өтті.

 

Соңғы жаңалықтар