07:31, 04 Тамыз 2012 | GMT +5
Елбасы Н. Назарбаев Светлана Подобедованы Лондон Олимпиадасындағы жеңісімен құттықтады
АСТАНА. 4 тамыз. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ХХХ жазғы Олимпиадалық ойындардағы жеңісіне орай Светлана Подобедоваға құттықтау жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметінен хабарлады.
- Лондондағы ХХХ Олимпиялық ойындардың ауыр атлетика сынындағы жеңісіңмен құттықтаймын!
Шиеленіскен бәсекеге қарамастан, сен біздің елімізді әлемдік ойындарда лайықты таныта алдың. Сен жеңіп алған алтын медаль - жоғары шеберліктің, мықты ерік-жігердің және рухтың бекемдігінің көрсеткіші.
Сенің көптеген спорттық жетістіктеріңнің қатарында енді олимпиада чемпионы атағы бары да өте қуанышты.
Саған табыстар және жаңа жеңістер тілмеймін, - делінген құттықтау жеделхатында.