Елбасы Н.Назарбаев ҰҚШҰ елдері мемлекет басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Ереванға аттанды

СТАНА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер мемлекет басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Ереванға аттанды.
None
None

Тамыздың 20-21-і күндері өтетін саммитте Армения, Беларус, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан басшылары Қырғыз Республикасындағы ахуалды және ол елдегі жағдайды тұрақтандыру жөніндегі ҰҚШҰ-ның ұжымдық іс-шараларын, сондай-ақ ҰҚШҰ форматындағы дағдарысқа қарсы үнқату жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды талқылайды деп күтілуде.

Сапар бағдарламасына сәйкес, бүгін кешке мемлекет басшыларының Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжаның қатысуымен бейресми кездесуі жоспарланып отыр. Кездесуден кейін, мемлекет басшылары баспасөз үшін мәлімдеме жасайды, одан кейін Қырғыз Республикасының президенті Р.Отынбаевамен кездесу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар