17:47, 20 Тамыз 2010 | GMT +5
Елбасы Н.Назарбаев ҰҚШҰ мүше-мемлекеттері басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Ереванға келді
РЕВАН. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Қазақстан Президенті Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мүше-мемлекеттері басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Ереванға келді.

Гафесчян Өнер орталығында өтетін мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне, сондай-ақ ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжа қатысады. Бүгін сондай-ақ Мемлекет басшысының Қырғыз Республикасының өтпелі кезеңдегі президенті Роза Отынбаевамен кездесуі жоспарланып отыр.