Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Эстония Республикасына мемлекеттік сапары аяқталды

ТАЛЛИНН. 21 сәуір. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Эстония Республикасына жасаған екі күндік мемлекеттік сапары аяқталды.
None
None

Кадриорг сарайында Эстония Президенті Тоомас Ильвестің және оның жұбайының Нұрсұлтан Назарбаевты шығарып салу рәсімі болды.

Сапар барысында Н.Назарбаев Эстония Республикасының басшылығымен кездесулер өткізіп, соның нәтижесінде екі ел арасындағы ынтымақтастықты алдағы уақытта дамыту туралы бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Сондай-ақ Н.Назарбаев ірі эстондық компания басшыларымен кездесті, осы кездесу аясында Эстония тарапы Таллинн порты арқылы қазақстандық жүктерді тасымалдау мәселелері жөнінде өз ұсыныстарын айтты.

Соңғы жаңалықтар