Елбасы облыс әкімдеріне өңірлік Ассамблеяны дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды

АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақстан - 2050» cтратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» тақырыбымен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев облыс әкімдеріне өңірлік Ассамблеяны дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді жүктеді.
None
None

«Бұл жерде этнодемографиялық құрылымның жергілікті ерекшеліктері де есепке алынуы керек», деп атап өтті Елбасы. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы қоғамдық келісім мен әлеуметтік бастамалар орталығы ретінде Достық үйлерінің тиімділігін арттыруды да тапсырды. «Бұндай достық үйлері барлық өңірлерде болуы керек. Әрине, бұл оңай шаруа емес, қаражатты қажет етеді. Дегенмен, бұл қажет. Оның үстіне Қазақстандағы бейбітшілік пен келісім үшін ешқандай да қаражат ауыртпалық түсірмейді», деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар