Елбасы облыстық Қан орталығында болды - Қарағанды

ҚАРАҒАНДЫ. 4 мамыр. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысына жұмыс сапарының аясында бүгін облыс орталығындағы Қан орталығында болды.
None
None

Мемлекет басшысы донорларды іріктеудің бастапқы сатысы болып табылатын регистратураның ақпараттық жүйесімен танысты, қан дайындау бөлімін, плазмафорез және плазмацитофорез залдарын, сондай-ақ қанды тоқтатуға және жараны тез жазуға арналған фибрин желімі дайындалатын зертхананы аралады.

«Бұл - игі іс. Мұндай орталықтар қан жинайды және адамдарды ажалдан құтқаратын болады», - деп атап көрсетті Н.Назарбаев өз сөзінде.

Елбасы сондай-ақ Оңтүстік Қазақстандағы оқиғалардан кейін мемлекеттің бұл мәселемен терең айналыса бастағанын еске салып өтті. «Қазақстанда медицинаны дамытуға үлкен назар аударылуда», деді Президент.

Орталықтың құрылысы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасының аясында 2008 жылы басталған. Оны тұрғызуға республикалық бюджеттен 2,7 миллиард теңге бөлінген.

Соңғы жаңалықтар