Елбасы Өскеменде теннис орталығын ашты

СКЕМЕН. Қыркүйектің 5-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Балапан» мектепке дейінгі білім орталығын ашқаннан кейін Өскеменнің сол жағалауындағы «Қазмырыш» АҚ экологиялық саябақ аумағында салған теннис алаңқайында болды.
None
None

Теннис орталығында төрт жабық және 2 ашық корт бар. Бұдан басқа 460 млн. теңге тұратын құрылыс жобасына әкімшілік-тұрмыстық орталық, баспасөз орталығы, медициналық бөлме, отыздан астам автомобильге арналған тұрақ және басқа да инфрақұрылымдық бөлімшелер мен қосалқы бөлмелер кіреді.

Жаңа спорт нысанының құрылысы жобасы компания мен аймақ әкімдігі арасында қол қойылған бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі ауқымында жүзеге асырылды.

Орталықтың таныстырылымына теннис бойынша Қазақстан чемпиондары қатысты.

Соңғы жаңалықтар