Елбасы: Осы жылы «Назарбаев Университеті» Ұлттық онкологиялық орталықтың құрылысына кірісуі керек

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Осы жылы «Назарбаев Университеті» Ұлттық онкологиялық орталықтың құрылысына кірісуі керек. Бұл туралы бүгін Ақордада өткен «Назарбаев Университеті», «Назарбаев зияткерлік мектептері» және «Назарбаев қоры» жоғары қамқоршылық кеңесінің екінші отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

«Ағымдағы жылы Университетке барлық ұйымдастыру мәселелерін шешіп, Ұлттық медициналық холдинг құрамындағы Ұлттық онкологиялық орталықтың құрылысына кірісуі керек», - деді Мемлекет басшысы.

Бұл тапсырманы өткен жылдың желтоқсан айындағы Қазақстан халқына арналған Жолдауында жүктегендігін баса айтқан Елбасы: «Ол Қазақстанды 2050 жылға дейін дамыту міндеті ретінде тұр. Менің ойымша, бұл барша халық үшін маңызды міндет. Біз мұны баяғыдан айтып келеміз, іске кірісетін кез келді», - деді.

Соңғы жаңалықтар