Елбасы Отан қорғаушы күні қарсаңында бірқатар әскери қызметшіге мемлекеттік наградаларды табыс етті

Бүгін Ақордада еліміздің бірқатар әскери қызметшісіне мемлекеттік наградаларды тапсырған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
«Олардың барлығы да ерен еңбегімен, қалтқысыз қызметімен ерекшеленген жандар болғаннан кейін, біз осындай шешім қабылдадық. Сіздердің басты міндеттеріңіз ұлт пен ұлыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Біз үшін тәу еткен тәуелсіздігімізді қорғап, оны қастерлеуден асқан ешкімге үлкен мәртебе жоқ»,-деді Елбасы.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы тату елдегі тұрақтылық пен тәртіп тұғырының берік болуы әскери қызметшілерге байланысты екенін баса айтты.
«Сіздер сол салада абыройлы борышты әрқашанда да үлкен білімділікпен атқарып келесіздер. Қазақстан тұрақтылығы мен халқымыздың амандығын сенімді сарбаздар күзетіп тұр. Елге қорған болу үшін қажымас қайрат, жігерлі рух қажет екендігі баршаға белгілі. Осының барлығы сіздерде бар деп ойлаймын», - деді Н. Назарбаев.