10:32, 24 Қараша 2014 | GMT +5
Елбасы Өзбекстан Президентімен келiссөздер жүргiзедi
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, 25 қарашада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримовпен кездеседi.

Бұл туралы ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте модератор Әсет Мұқажанов хабарлады.
"25 қарашада Елбасының Өзбекстан Президентімен екіжақты келіссөзі өтеді", - дедi ол.
Айта кетейiк, И. Каримов бүгiн, 24 қарашада Астанаға келедi деп жоспарлануда.