Елбасы өзге мемлекеттерді қақтығысты ахуалдарда келіссөз бен ымараға жүгінуге шақырды - В.Хмелевский

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында сөйлеген сөзінде адамзат пен бейбітшіліктің барлық маңызды аспектілеріне тоқталды, деп есептейді Қарағанды облысындағы «Полония» поляк қоғамының төрағасы Виталий Хмелевский.
None
None

«Қазақстандықтар үшін Президенттің мемлекеттік тілде сөз сөйлеуі маңызды. Қазақ тілі БҰҰ қабырғасында алғаш рет естілді. Нұрсұлтан Назарбаев сөйлеген сөзі арқылы кезекті рет әлемдік деңгейдегі саясаткерлерге тән ойлау қабілетін көрсетті», - деп атап өтті этномәдени бірлестік басшысы.

Оның пікірінше, Мемлекет басшысы бүгінде адамзатты толғандыратын барлық мәселелерді қозғады.

«Бұл экология да, қаржылық жағдай да, сонымен бірге, бүкіл ғаламшардағы бейбітшілік пен тыныштық мәселелері болды. Н.Назарбаевтың барлық мәселелерді бірігіп, әр елдің дауысын есепке ала отырып шешуді ұсынғаны ерекше маңызды. Сонда ғана оларды шешудің тиімді жолын анықтауға болады. ҚР Президенті кезекті рет басқа мемлекеттерді даулы жағдайларда келіссөз бен ымыраласуға жүгінуге шақырды», - деді В.Хмелевский.

Соңғы жаңалықтар