19:01, 29 Сәуір 2011 | GMT +5
Елбасы сайлауына белсене қатысқандарға алғысхат тапсырылды
ОРАЛ. 29 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенжебай Нығмет 29 сәуірде ҚР Президентінің сайлауына белсене қатысқан бір топ адамға Елбасының алғысхатын тапсырды.

Елбасының сайлауалды науқанына атсалысып, марапатқа ие болғандар арасында облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар бастаған халық қалаулылары, зауыт, кәсіпорын басшылары, республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.
Облыстық мәслихат депутаты Бауыржан Тұманов марапатталғандар атынан ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да Елбасы саясатын қолдай беретінін жеткізді.
Осындай марапатқа өңірге танымал еңбек ардагерлері, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының мүшелері де ие болды.