Елбасы шетелдік инвесторларды Каспий энергетикалық хабын құру жөніндегі жобаға қолдау көрсетуге шақырды

А. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік инвесторларды Каспийдің энергетикалық хабын құру жөніндегі жобаға қолдау көрсетуге шақырды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз бүгінде Қазақстанның негізгі кен орындарынан алыс емес, Ақтау қаласының солтүстігінде орналасатын Каспийдің энергетикалық хабын құру жөніндегі жұмысты жүргізудеміз. Аталмыш хаб энергетика саласындағы өнеркәсіптік, білім беру, ғылым жүйесін қалыптастыруға бағытталатын болады. «Самұрық-Қазына» қоры аталмыш жобаны  іске асырумен шұғылданып жатыр. Кеңес мүшелері осы маңызды жобаға қажетті көмекті көрсетеді деп ойлаймын», деді Н. Назарбаев бүгін Астанада өткен ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің ХХІІ пленарлық  мәжілісінде.

Айта кетейік, Каспий энергетикалық хабы жобасы  аясында оның құрамына бірқатар мамандандырылған нысандар кіреді. Сондай-ақ техникалық, кадрлық және басқа да қамтамасыз ету қызметтері бар. Жобаны жүзеге асыру кезеңдері бірнеше сатыдан тұрады. Бірінші фазаға инфрақұрылымның құрылысы кіреді. Бұл кезеңдегі инвестиция көлемі 400 миллионға тарта АҚШ долларын құрайды. Атап айтқанда, негізгі нысандардың құрылысына жалпы инвестиция 15 миллиард АҚШ долларына жетіп отыр. Жалпы, жобаны жүзеге асыру 7-8 жылға созылмақ. Шамамен бірінші фазадағы инфрақұрылымның құрылысы 18 айда іске асырылады.  Каспий маңында офшорлық операцияларды атқару үшін сервистік- технологиялық орталық қажет. Атап айтқанда, Каспий маңындағы мұнай-газ саласындағы компаниялар өздерінің өндірістік базаларын ұйымдастыруға мәжбүр болып отыр. Ал егер «Каспий энергетикалық хабы» жұмыс істейтін болса, тиісті сервистік қызметтерді осы хаб атқаратын болады. Оған бұрғылау, құбырларға, теңіздегі платформаларға қызмет көрсету, қауіпсіздік мәселелері, басқа да технологиялық жұмыстар, сондай-ақ кадрлар дайындау шаралары кіреді.

Соңғы жаңалықтар