Елбасы: Швейцария Қазақстанға 2005 жылдан бері 12 млрд долларға жуық инвестиция салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцария Конфедерациясының Президенті Дидье Буркхальтермен кездесу барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Швейцарияның Қазақстанның Еуропадағы маңызды экономикалық серіктесі екендігін атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
None
None

- Сіздің ел Қазақстанға 2005 жылдан бері 12 миллиард долларға жуық инвестиция салды. Мұнда елу шақты швейцариялық компания мен бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді. Қазақстан Халықаралық валюта қорының швейцариялық кіші тобына қатысады. Біздің елдеріміз сыртқы саясатпен қатар ішкі саяси мәселелер бойынша да тығыз ынтымақтасып келеді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар