08:35, 24 Тамыз 2010 | GMT +5
Елбасы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарын жасайды
ПЕТРОПАВЛ. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарын жасайды деп күтілуде.

Сапардың жұмыс бағдарламасына сәйкес, Президент «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасының аясында салынған емхананың жұмысымен танысады. Елбасы ат басын тірейтін келесі нысан - өткен жылдың наурыз айында «Табиғат балалары» экологиялық орталығының негізінде ашылған және қосымша білім беру мекемесі болып табылатын «Қызылжар оранжереясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болмақ.
Сондай-ақ, Н.Назарбаев «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша Қызылжар ауданында салынып жатқан «Бәйтерек» ықшамауданында болады.