Елбасы табиғи апаттардан зардап шеккендерге қол ұшын берген барлық жастарға жалынды сәлем жолдады

АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өтіп жатқан «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезі барысында ҚР Президенті Н.Назарбаев табиғи апаттардан зардап шеккендерге қол ұшын берген барлық жастарға жалынды сәлем жолдады.  
None
None

«Жас Отан» табиғи апаттардан зардап шеккендерге жәрдем беруге ұмтылатын қазақстандықтардың ең алдыңғы қатарында жүреді. «Жас Отанның» студенттік құрылыс жасақтары күллі ел жастары үшін шынайы еңбек пен жанқиярлықтың үлгісіне айналды. Тек Батыс Қазақстан облысының өзінде осындай 20 жасақ жұмыс істеді. Ал Оңтүстік Қазақстан облысында игілікті іске 8 мыңнан астам жас құрылысшы тартылды. Мен Батыс пен Оңтүстік Қазақстан облыстарының жастарына, сонымен қатар табиғи апаттардан зардап шеккендерге қол ұшын көрсеткен барлық студенттерге жалынды сәлем жолдаймын», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар