Елбасы Талдықорғанда 23 этномәдени орталықтың өкілдерімен кездесті

ДЫҚОРҒАН. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Талдықорғандағы "Достық" үйінде облыстағы 23 этномәдени орталықтың өкілдерімен, халықтық көркемөнер ұжымдарымен, облыстық ардагерлермен және "Ұлағат" ақсақалдар алқасының мүшелерімен кездесті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында Елбасы орыс, татар этномәдени орталықтарын және хореография, акт залдарын аралап көрді. Сондай-ақ, облыстық этномәдени орталықтары көркемөнерпаздарының концертін тамашалады.

Естеріңізге сала кетейік, аталған "Достық" үйі 2008 жылы Елбасының қоғамдық келісім және ұлтаралық татулықты нығайту саясатын жүзеге асыру кезінде салынған болатын. Оның құрылысына облыстық бюджеттен 496,3 миллион теңге бөлінген. Ғимаратты салу барысында ұлттық мәдени орталықтар жұмысының ерекшеліктері мен қажеттіліктері толығымен ескерілген. Жалпы алғанда 4 217 шаршы метрді құрайтын ғимаратта мемлекеттік тілді және сол сияқты өзге де ұлт тілдерін үйретуге арналған мультимедиялық және лингафон орталығы, сондай-ақ дыбыс жазуға арналған студия, би және акт залдары, ассамблея секцияларын өткізуге арналған мәжіліс залы, 70 адамға лайықталған кафе бар. Аталған ғимаратта "Ұлағат" облыстық ақсақалдар кеңсесі, "Бірлік" жастар қауымдастығы және 23 облыстық этномәдени орталығы орналасқан. Ассамблеяның жұмысын жандандыру, этномәдени орталықтардың түрлі шараларын өткізуді қолдау мақсатында облыстық бюджеттен жыл сайын әр орталыққа 500 мың теңгеден, жалпы сомасы 11 млн. 500 мың теңге қаражат бөлініп келеді.

Соңғы жаңалықтар