Елбасы Талдықорғандағы

АТЫ ОБЛЫСЫ. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысындағы жұмыс сапары барысында Талдықорғандағы "Жастар" спорт сарайының құрылысымен танысты.
None
None

Мемлекет басшысы алдымен 12 залы бар ғимараттың 2-ші қабатында орналасқан дзюдо залын аралап, қонақүй кешенін көрді. Спорт сарайында оқу-жаттығу ойындарын өткізіп жатқан облыстың Жетісу кәсіпқой волейбол командасы, баскетболдан облыстың құрама командасы, ауыр атлетикадан Қазақстанның құрама командасы спортшыларымен әңгімелесті. Олардың қатарында ауыр атлетикадан әлем чемпиондары Владимир Седов, Майя Манеза, Светлана Победова және Илья Ильин бар. Спорт сарайы республикалық халықаралық мастшабтардағы ірі жарыстарды өткізуге, сонымен қатар бұқаралық спортты дамытуға лайықталған. Осы мақсатта ғимаратта түрлі жаттығуларға арналған спорт жабдықтарының барлық түрлері қарастырылған. Мұнда 1,5 мың көрерменге лайықталған трибуна, шағын футболға және баскетболға арналған спорт аренасы бар әмбебап зал, би залы бар.

Сол сияқты самбо, дзюдо, таэквондо, бокс, еркін және классикалық күрес залдары, жеке мұражайы бар. Үшінші қабатында журналистер үшін баспасөз орталығы жасалған. Ғимаратта спортшыларға арналған қонақүй, фитнес орталық, монша және бассейн және ойын-сауық орталығы да қамтылған.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасының Алматы облысына жұмыс сапары тамыздың 12-де басталған болатын. Кеше Президент Талдықорған қаласында Назарбаев зияткерлік мектебінің, Тіл сарайы мен Достық үйінің және әскери әуе базасының жұмысымен танысты.

Соңғы жаңалықтар