Елбасы тапсырмасына сәйкес бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру ісі саябырсымақ емес

ОРАЛ. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Елбасы тапсырмасына сәйкес бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру ісі саябырсымақ емес.
None
None

Бұл туралы БҚО бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы Нәсіпқали Иманғалиұлы мәлім етті.

Оның айтуынша, өңірде еңбек құқығын қамтамасыз ету мақсатында барлығы 278 ұжым өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойса, әлеуметтік әріптестікті нығайту үшін 1280 кәсіпорын ұжымдық шарт қабылдады.

Мұндай келісімдердің қазіргідей кезеңде маңызы зор. Айталық, облыс әкімдігі мен «Жайықмұнай» компаниясы облысты жеңілдетілген бағаға газбен қамту жөнінде келісімге қол жеткізді. Келісімдерде сондай-ақ еңбек жағдайлары да толық ескеріледі. Мәселен, «ҚПО б.в.» компаниясы мен кәсіпорын жұмысшылары тәуелсіз кәсіподақ ұйымы арасындағы ұжымдық шартта көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Сол секілді «Зенит» зауыты ардагерлер мен отбасылық үлгідегі балалар ауылына қамқорлықпен қатар болашақ кадрларды Санкт-Петерборда оқытуға көңіл бөлсе, «ҚазҚұрылысСервис» компаниясының Орал бөлімшесі дүниеге сәби әкелген жас отбасыларды ұмыт қалдырмаған. «Конденсат» компаниялар тобы Ақсай қаласының жастары үшін спорт залын тұрғызуды қолға алса, мұндай істерден орта және шағын бизнес өкілдері де тыс қалып жатқан жоқ.

Елбасы тапсырмасына сәйкес бизнес өкілдерінің қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру мақсатында жыл сайын «Парыз» конкурсы ұйымдастырылып келеді. Өткен жылғы байқауда «ҚПО б.в.» компаниясы отыздан астам үміткер арасынан «Үздік әлеуметтік шарт» аталымы бойынша екінші орынды иеленген болатын. Әлеуметтік жауапкершіліктің мәнін терең түсінетін батысқазақстандық кәсіпкерлер биылғы байқауға да белсене қатыспақ.

Соңғы жаңалықтар