Елбасы Тараз қаласында «Жасыл ел» бағдарламасы аясында көркейтілген тұрғын үйдің ауласында болды

БЫЛ ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында бүгін Тараз қаласындағы «Жасыл ел» бағдарламасы аясында көркейтілген көп пәтерлі тұрғын үйдің ауласында болды.
None
None

Аула заман талабына сай көркейтілген. Мұнда балаларға арналған кең, әрі ыңғайлы ойын алаңы орналасқан. Ауладағы жаяу жүргіншілер жүретін жолдың көмкерме тастары ауыстырылып, асфальт төселген. Сонымен қатар аулада шағын архитектуралық нысандар: орындықтар, әткеншектер, гүлзарлар, ойын кешендері орнатылған. Осы жерде Мемлекет басшысы балаларға арналған жаңа футбол алаңын көрді. Алаңның жасанды төсеніші Голландияда жасалған, әлемдік стандарттарға сай. Бұл облыста футболды дамыту бағдарламасы аясында салынған оныншы алаң.

Жамбыл облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта 42 аула аумағын көркейту жұмыстары аяқталған. Оларда 14 спорттық, 67 балалар, 62 шаруашылық және 17 теннис алаңдары салынған. 15733 метр көмкерме тастар ауыстырылып, 78 мың шаршы метрге жуық асфальт төселіп, 420 орындық қойылған. Ал, ағымдағы жылдың соңына дейін Тараз қаласында барлығы 65 аула ретке келтірілетін болады. Ал, алдағы 3 жылдың ішінде облыс орталығындағы барлық аулаларды көркейту жоспарланып отыр. Бұл ретте аталмыш жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асуда.

Соңғы жаңалықтар