Елбасы Тараз қаласындағы жүн өңдейтін зауытты іске қосты
«Жобаның жалпы құны - 1 млрд. 116 миллион теңге. Оның 967 млн. теңгесін «ҚазАгро» холдингі бөлді, 167 млн. теңгесі - жеке қаржымыз. Біз 450 млн. теңгеге Франциядан жүн өңдейтін озық технологиялар сатып алдық», - деді Б.Момышев.
Оның айтуынша, фабрика бір жылда 2 мың тонна арқар-меринос қойының жүнін өңдеп, одан сегіз жүз тонна ТОПС өндіреді.
«Қазақстанда жылына жеті мың тонна жүн қырқылады. Сондықтан бізде қаржы тауып, жылына екі мың тонна ТОПС өндіруге мүмкіндігіміз бар. Келесі жылы біз Италия және Индиямен бірлескен кәсіпорын құруды жоспарлап отырмыз. Сөйтіп, мата өндірісін жолға қоюды көздеудеміз. Қазіргі таңда бұл үшін зор перспектива бар , - деді Б.Момышев.
Оның сөзіна қарағанда, қазірдің өзінде осы жылы фабрикада өндірілетін ТОПС толығымен сатылып кеткен. Тіпті келесі жылға арналған келсімдерге қол қою туралы ұсыныстар бар . Зауытта өңделген жүндер жүз пайыз Италия мен Мароккоға экспортталады. Б.Момышев фабриканы жүнмен қамтамасыз етуде ешқандай проблема жоқ екенін атап көрсетті.
«Шикізатпен проблема жоқ. Фабрика мамыр айына дейін арқар-меринос қойының жүнімен қамтамасыз етіліп қойды», - деді ол. Оның айтуынша, фабрикада қазіргі уақытта жүз жұмыс орны құрылған. Өндіріс орны толығымен іске қосылған кезде, жұмысшылар санын үш жүзге дейін жеткізу көзделуде. Жұмысшылардың орташа айлық жалақысы - 35 мың теңге.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы жұмыс сапарының аясында бүгін Тараз қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің саябағында болды.