Елбасы Үкіметке республикалық бюджеттің шығындарын оңтайландыруды тапсырды

АСТАНА. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Үкіметке республикалық бюджеттің шығындарын оңтайландыруды тапсырды.
None
None
Президент бұл тапсырманы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жолдауда қазіргі таңда бюджеттің барлық шығындарының статьялары бойынша қатаң үнемдеу жүргізу қаражатты үнемдеудің бір жолы екенін айтқан Президент: «Осыны ескере отырып Үкіметке республикалық бюджеттің шығындарын оңтайландыруды тапсырамын», деді. Осы орайда Мемлекет басшысы республикалық бюджеттің қаржысын қатаң бақылап, оған апта сайын мониторинг жасап отыру қажеттігін атап көрсетті. Президент бұл мәселе депутаттарға да қатысты екенін қадап айтты. Елбасы қаржы тәртібін бұзғандардан дағдарыс кезеңіндегі заңнамаға сәйкес сұраным қатаң болуы тиістігін баса айтты. «Барлық әкімшілік, инвестициялық және басқа да басымды емес шығындар нөлге теңестірілуі тиіс. Бұл жергілікті бюджетке де қатысты», деді Елбасы. Елбасы босаған қаржы ең алдымен қазақстандықтарды еңбекпен қамту стратегиясын жүзеге асыруға мүмкіндік беретіні атап көрсетті.
Соңғы жаңалықтар