Елбасы Үкіметке шетелдік инвесторлар ұсынған жобаларды нақты жүзеге асыруды қамтамасыз етуді тапсырды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелері ұсынған Қазақстан экономикасын әртараптандыру жөніндегі жобаларды келешекте нақты жүзеге асыруға жауапты министрлікті немесе ұлттық компанияны бекітуді және әрбір мәжілісте екі тараптың қандай жұмыстар атқарғанын ресми түрде баяндауды тапсырамын», деді Н. Назарбаев бүгін Астанада өткен ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің ХХІІ пленарлық мәжілісінде.
Осы орайда Мемлекет басшысы технологиялық даму мәселесінде шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелері ұсынған жобалары мен ұсынымдарды қолдайтынны айтты. «Тоталь» Қазақстанда Ұлттық дәнекерлеу интститутын құру, «Шелль» компаниясы мұнай-газ саласын дамытудың технолгиялық бағдарламасын әзірлеуге қолдау көрсету, «Лукойл» қазақстандық ұйымдардың зерттеу жұмыстарын тарта отырып көмірсутекті шикізаттарды өндіруді интенсификациялауда технологияларды қолдану, «Би-Джи-Групп» қаржылық құралдарды ұсына отырып білім мен технологияларды трансферттеуді қарастыратын жергілікті қамтуды дамыту туралы бағдарламаны әзірлеу, «Дойче банк Франфурт» шағын және орта бизнес кәсіпорындарының инновациялық қызметін дамыту саласында Германияның тәжірибесін трансферттеу, «Конакоф Филлипс» Қазақстан Республикасын газды жеткізу жөніндегі өңірлік маңызды орталық ретінде көрсету жөніндегі жобалар мен ұсыныстарды дайындап отыр. Осы айтылған жобаларды жүзеге асыру қыруар пайда әкеледі. Тек сөзден гөрі іске көшу қажет», деді Н. Назарбаев.