20:11, 22 Сәуір 2013 | GMT +5
Елбасы Үкіметке тамызға дейін «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуді ескере отырып туризмді дамыту бағдарламасын қайта қарауды тапсырды.
АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Тәуелсіздік сарайында өткен елорданы одан әрі дамытуға арналған жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке тамызға дейін «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуді ескере отырып туризмді дамыту бағдарламасын қайта қарауды тапсырды.
«Көрме елорданың көптеген саласына әсер ететін болады. Біздің мақсатымыз олардың барынша дайын болуын, «ЭКСПО-2017» дайындығы процесіне қатысу тиімділігін қамтамасыз ету», - деді Н.Назарбаев.
Елбасының атап өтуінше, бірінші кезекте қаланың туристік инфрақұрылымын дамыту мәселесі ойластыруы қажет.
«Саяхатшылардың басым бөлігі не бәрі 3-4 айға келетіндігін ескеру қажет. Саяхатшылардың мұндай көп санын қабылдау тәжірибесі және мамандар да біздерде жоқ. Сондықтан да саясатшыларға арналған нысандар одан әрі пайдалану мүмкіншілігі ескеріліп салынуы тиіс», - деді Мемлекет басшысы.