Елбасы Үкіметке жастар жатақханасы құрылысына жан бітіруді тапсырды

АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде өткен «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке жастар жатақханасы құрылысына жан бітіруді тапсырды.
None
None

Қазіргі уақытта елімізде жалдамалы баспаналар салу ісі жанданып келе жатқандығын баса айтқан Мемлекет басшысы: «Бастапқы кезеңдерде олардың тұруына мүмкіндік беретін жастардың ұтқыр бөлігіне арналған студенттік, жастар жатақханаларын көптеп салу керек», - деді.

Осы орайда ҚР Президенті Үкіметтің Жұмыспен қамту бағдарламасында жоғарыда аталған бағыттар көрініс табуы керектігін баса айтты.

«Қазақта ата-бабамыз біздің әке-шешеміз осы жерде туған, осы жерде өлген, біз де осы жерден өлгенше кетпейміз деп өскен. Дүниежүзінде ондай жоқ. Америка азаматы Уолт Стритта жұмыс істейді, өзі Лос-Анжелесте тұрады. Таңертең тұрып, ұшақпен 4 сағат ұшып келіп, жұмысын бітіреді де, кешке қайтады. Себебі ол оған пайдалы. Яғни басқа елдердің ұтқырлығы өте жоғары», - деген Н.Назарбаев, жастарды жұмысы бар, қаржы табуға болатын өңірлерге баруға шақырды.

Соңғы жаңалықтар