Елбасы: Жаңа АПК-ға еліміздің құқықтық жұмысын әлемдік стандарттардың озық деңгейіне жеткізетін өзгерістер енгізілген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан жаңа жылдан бастап 5 буынды сот жүйесінен 3 буынды сот жүйесіне көшеді. Бүгін Ақордада алғаш рет жария түрде еліміздің жаңа Азаматтық процестік кодексіне қол қойған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
None
None

Елбасы өз сөзінде жаңа Азаматтық процестік кодекске еліміздің құқықтық жұмысын әлемдік стандарттардың озық деңгейіне жеткізетін өзгерістер енгізілгенін атап өтті.

«Біріншіден, Қазақстан жаңа жылдан бастап 5 буынды сот жүйесінен 3 буынды сот жүйесіне көшетін болады. Екіншіден, инвестициялық дауларды қараудың жаңа тәртібі енгізіледі. Сол арқылы елімізде жаңа жағдайда экономикалық даму үшін маңызды рөл атқаратын инвестициялық тартымдылығы арта түседі», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысының айтуынша, үшіншіден, азаматтық сот жүргізу ісінде ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылады. Соттың атқарып жатқан жұмысы барлық ел үшін жариялы болады. Бұл жағдай сот жұмысының анықтылығын айтарлықтай жақсартады.

«Төртіншіден, татуластыру және сотқа дейінгі реттеу шарасының қолданылу аясы кеңейеді. Татуласу шарасын кеңінен қолдану сот жүйесіне жүктемені азайтатын болады. Ең бастысы, дауды шешу мерзімі қысқарады», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар