Елбасы Жарлығымен мемлекеттік бюджеттің және Ұлттық банк сметасының (бюджеті) қаржысы есебінен ұсталатын республика органдарының штаттық санын 15 пайызға қысқарту қарастырылып отыр

СТАНА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат - Елбасы «Мемлекеттік бюджеттің және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сметасының (бюджеті) есебінен ұсталатын органдардың штаттық санын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.
None
None

ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінен хабарлағандай, аталмыш жарлықпен мемлекеттік бюджеттің және Ұлттық банк сметасының (бюджеті) қаржысы есебінен ұсталатын органдардың штаттық санын, құқық қорғаушы және сот органдарын қосқанда, 15 пайызға қысқарту қарастырылып отыр.

Жарлықты жүзеге асырудың нәтижесінде жалпы республика бойынша аталған органдардың штаттық сандарының лимиті 26 мың бірліктен астамға қысқартылады.

Жарлық 2010 жылға арналған мемлекеттік бюджетте қарастырылған қаражаттың есебінен және соның шегінде жүзеге асыру пайымдалуда. Штаттық сандарды оңтайландырудың нәтижесінде 2011 жылы 18,6 миллиард теңге бюджет қаражаты үнемделмек, оның 14,3 миллиарды - республикалық бюджеттің, 4,3 миллиарды - жергілікті бюджеттердің қаражаттары.

Жарлық 2010 жылы қарашаның 1-інен бастап күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар