12:44, 02 Шілде 2013 | GMT +5
Елбасы Жарлығымен Ұзақбай Қарабалин Мұнай және газ министрі болып тағайындалды
АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Ұ.С. Қарабалинді Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды.
Ұ.С. Қарабалинді Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі қызметіне тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалин Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2013 жылғы 3 шілде
№ 597