12:44, 03 Шілде 2013 | GMT +5
Елбасы Жарлығымен жаңа мұнай және газ министрі тағайындалды
АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Ұ.С. Қарабалинді Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Ұ.С. Қарабалинді Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі қызметіне тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалин Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі болып тағайындалсын
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2013 жылғы 3 шілде
№ 597