Елбасы Жарлығына сәйкес 356 адам мемлекеттік наградаларға ие болды

СТАНА. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат - Ұлы Жеңістің 65 жылдығы және Отан қорғаушылар күні құрметіне Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 356 адам мемлекеттік наградаларға ие болды.
None
None

Бұдан бұрын хабарланғандай, жұма күні, мамырдың 7-сінде Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев соғыс және еңбек ардагерлеріне, әскери қызметшілерге және құқық қорғау органдарының өкілдеріне мемлекеттік наградаларды тапсырды.

ҚР Президенті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен бір адам, ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен - 12 адам (үшеуіне қайтыс болғаннан кейін), ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен 3 адам (үшеуі де қайтыс болғаннан кейін), ІІ дәрежелі «Достық орденімен - 1, «Құрмет» орденімен - 100, «Ерлігі үшін» медалімен - 10, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен - 10, «Ерен еңбегі үшін» медалімен - 85, «Шапағат» медалімен - 2, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен - 143 адам марапатталды.

Салтанатты аяқтай келіп, Нұрсұлтан Назарбаев барлық марапатталғандарды құттықтады, оларға бақыт, денсаулық және ұзақ ғұмыр тіледі.

Соңғы жаңалықтар