15:28, 16 Қараша 2012 | GMT +5
Елбасы жас отандықтарды Парламент депутаттығына тарту мәселесін көтерді
АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде өткен «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясына жасотандықтарды Парламент депутаттығына тарту жұмыстарымен айналысуды тапсырды.
«Жас Отан» жастар қанаты елді жаңғырту үдерісіндегі қазақстандық жастардың ең басты үйлестірушісі болып табылады», - деп атап өтті Елбасы өз сөзінде.
Бұл орайда «Жас Отан» болашақ саясаткерлер үшін мектеп болып табылатындығын баса айта келе «Сондықтан да жасотандық депутаттарды билік органдарына, жергілікті маслихаттарға, Парламент депутаттығына тарту маңызды болар еді. «Нұр Отан» партиясына осындай жұмыстарды жүргізуді тапсырамын», - деді Н.Назарбаев.