Елбасы «Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы» Жарлыққа қол қойды

АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы» 2011 жылы 5 мамырдағы №73 Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ресми басылымдар.
None
None

Қаулыға сәйкес:

«генерал-лейтенант әскери атағы - Мұрат Жәлелұлы Майкеевке;

генерал-майор әскери атағы - Бауыржан Садықұлы Әбжановқа, Тұрысбек Жүнісбайұлы Әлиасқаровқа, Алмаз Түрсынбайұлы Асеновке, Олег Әбутәліпұлы Бижановқа, Алмаз Женишбекұлы Жұмакеевке, Марат Өмірбекұлы Қолқабаевқа, Рысбек Қалкенұлы Көшербаевқа, Марат Сапарұлы Өсіповке, Дәулет Рысқұлбекұлы Оспановқа, Исатай Бахтиярұлы Сартаевқа;

авиация генерал-майор әскери атағы - Нұрлан Секенұлы Орманбетовке;

контрадмирал әскери атағы - Жандарбек Сәдуұлы Жанұзақовқа;

өртке қарсы қызметтің генерал-майоры арнайы атағы - Серік Ғабдоллаұлы Әубәкіровке;

әділет генерал-майоры арнайы атағы - Сұлтан Тұрлыұлы Құсетовке;

2 санаттағы мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені - Асхат Қайзоллаұлы Дауылбаевқа;

3 санаттағы мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені - Берік Ноғайұлы Асыловқа берілсін», делінген құжатта.

Соңғы жаңалықтар