Елбасы Жолдауы дағдарысқа қауқарлы болып қоймай, дамыған отыз елдің қатарына қосылуға жағдай жасайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы жоспарын уақтылы жүзеге асыру, еліміздің қатерлер мен дағдарысқа қарсы тұрып қана қоймай, әлемнің дамыған отыз елінің қатарына қосылу ниетін де жақындата түседі.
None
None

Бүгін Астанада ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Президент. Парламент. Интеграция» атты тақырыпта халықаралық конференция барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов осылай мәлімдеді.

Сөз арасында Мәжіліс Төрағасы қуатты әрі ашық экономика құруға негізделген «Қазақстандық жол» үлгісіне тоқтала келе, оның басты нәтижелері ретінде орнықты қаржылық, салықтық жүйенің қалыптасуын, инвестициялық климаттың жағымдылығын қолдауды, индустрияландыру саясатын, сондай-ақ кәсіпкерлікке мемлекеттің ауқымды қолдауын атап өтті. Спикердің пікірінше, бұндай бағыттың табысты жүзеге асуы жаһандық дағдарыс кезеңінде де тиімділігін танытты.

«Бұған қоса, ел ішінде ғана емес, халықаралық қауымдастық тарапынан да үлкен қызығушылық тудырған Елбасының «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясат негізіндегі Жолдауы да ерекше. Жаңа экономикалық саясаттың өзегі - 7 бағыт бойынша инфрақұрылымдық дамуда болып отыр. Бұл ретте Елбасы жоспарын уақтылы жүзеге асыру, еліміздің қатерлер мен дағдарысқа қарсы тұрып қана қоймай, әлемнің дамыған отыз елінің қатарына қосылу ниетін де жақындата түседі», - деді Мәжіліс спикері.

Сонымен қатар, палата төрағасы 2014 жылдың тарихқа Еуразиялық экономикалық одақтың құрылу жылы ретінде енетініне, мұның өзі Қазақстанның Тұңғыш Президентінің 20 жыл бұрын жариялаған бастамасы екеніне назар аударды.

«Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы әлемдік құрылым парадигмасының көпполярлыққа ауысу жағдайында орын алды, ал ондай жағдайдың салдарынан жаһандық тұрақсыздық күшейе түсті. Ал осындай тұрақсыздықтар аясында Елбасы ұсынған G-global бастамасы өзінің өзектілігін онан сайын арттыра түсетініне сенімдімін», - деді Қ. Жақыпов.

Соңғы жаңалықтар