Елбасы Жолдауын ақпараттық-насихаттау тобының мүшелері Алматыда қоғамдық жұртшылықпен кездесті

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - 15-16 қазанда Алматы қаласында ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шарифтың басшылығымен Республикалық ақпараттық-насихат тобының 
None
None

 Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін насихаттап түсіндіру жұмыстары аясында ққоғамдық жұртшылықпен кездесулері болып өтті.

Бұл туралвы ҚР Дін істері агенттінің баспасөз қызметі хабарлады.

Республикалық ақпараттық-насихат тобының құрамына 12 орталық атқарушы билік органдарының өкілдері кірді. Олар Алматы қаласының ірі кәсіпорындары мен жоғарғы оқу орындары және ұйымдары  ұжымдарымен 46 кездесу өткізді.

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы ел дамуының ұзақ мерзімді даму векторын белгілеген алғашқы «Қазақстан - 2030» Стратегиясынан бергі есепте реттік саны бойынша 16-шы Жолдау болып табылады.

Жолдаудың өзектілігі Елбасының бағдарламалық «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ  Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында анық көрсетілген және де бұл еліміздің алдағы онжылдықтағы дамуын айқындаған өміршең идеологиялық бағдарға айналды. Бұл ретте ақпараттық-насихат тобы өздерінің барлық кездесулерінде қалың бұқараның ынта-ықыласын еңбекке, яғни адам үшін басты құндылықтың еңбек екендігіне баса аударумен болды. Еңбек - экономикалық және әлеуметтік жаңғырудың басты діңгегі. Президенттің белгілеп берген бағыт-бағдары қазақ қоғамында барынша кең қолдау тауып, еліміздің жарқын болашағын қалыптастыра бастады.

Ақпараттық-насихат шаралары барысында ҚР Дін істері агенттігі Төрағасы Қайрат Лама Шарифтың Қазақстан Жазушылары одағының шығармашылық ұжымымен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалык университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттері, магистранттарымен кездесуі болып өтті.

Қазақстан Жазушылар одағындағы сөйлеген сөзінде Қайрат Лама Шариф 2012 жылғы Жолдаудың әлеуметтік-экономикалық жаңарту үдерісіне жүйелі түрде әсер етіп, жаңа серпілістерге  зор  екпін бергенін атап өтті. Жолдау жолданған жарты жылдың ішінде ел аумағында ғаламат жұмыстар атқарылып, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Қазіргі таңда экономика мен әлеуметтік саланың ұзақмерзімді жаңа жоспарларын жүзеге асыру үрдістері жүріп жатыр.

Ел экономикасы серпінді даму үстінде. Әлемдік экономикалық форумның мәліметтеріне қарағанда, Қазақстан бәсекеге қабілеттіліктің Жаһандық рейтингісінде ағымдағы жылы 51-ші орынды еншіледі. Яғни бұрынғымен салыстырғанда 21 позиция бойынша жоғарыға көтерілді. Мемлекет 50 бәсекеге қабілетті елдің қатарына енуге жол ашатын мақсат міндеттерді уақытынан бұрын еңсеріп жатыр.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалык университетінде болып өткен кездесулерде оқытушылар мен студенттердің басты назары ауылдан келетін, яғни үлкен қалаларда баспанасы жоқ өзге өңірлік студенттердің баспана тапшылығын азайту мен білім берудің сапасын арттыру тақырыптарында болды. 2015 жылға қарай жоғары оқу орындарының баспанаға мұқтаж ізденушілерінің жатақханамен қамтылуының 80%-ға жететіндігі айрықша аталды. 

Астана мен Алматы қалаларындағы арнайы бөлінген жер телімдерінде барша керекті инфрақұрылымымен екі студенттік қалашық құрылысын жобалау жұмыстарының басталғаны атап өтілді. 

Жалпы алғанда, Алматы қаласында жалпы аумағы 396 мың шаршы метрді құрайтын сыйымдылығы 20 мың орындық және Астанада 222 мың шаршы метрді құрайтын 10 мың орындық қалашықтарының салынуы жоспарлануда. Бұл қалашықтар жоғары, орта-арнайы білім беру орындарының студенттеріне және жас ғалымдар мен оқытушыларға арналады.  

Кездесу барысында 2012 жылғы Жолдауды ілгерілету аясында көптеген кең ауқымды сауалдарға жан-жақты және салмақты жауаптар берілді.  Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы қабылданғаннан бергі кезеңде мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан саясаттың мәні мен маңызын ашатын сындарлы пікірлер көпшілік тарапынан қызу қолдау тапты.

Соңғы жаңалықтар