Елбасы жолдауын насихаттау үшін ақпараттық-насихат пойызы жолға шықты - ҚТЖ

«Жамбыл облысы әкімшілігі мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы - Жамбыл жол бөлімшесі бірлесіп ұйымдастырған ақпараттық - насихат тобы Жамбыл - Бурное -Жаңатас, Жамбыл - Шу - Шығанақ бағыттарымен барлығы 1200 шақырым жол жүріп өтіп, 12 700 теміржолшы қызмет етіп жатқан 57 станцияны қамтитын болады», делінген хабарламада.
8 вагоннан жасақталған насихат пойыздарының құрамында этно-мәдени орталықтардың, мемлекеттік емес ұйымдардың, зиялы қауым өкілдері мен мәдениет және спорт қайраткерлерінің, медицина қызметкерлерінің өкілдері бар. Сонымен қатар, насихат пойызының құрамында тұрғындарға төмен бағамен сатуға ауылшаруашылық өнімдері тиелген арнайы вагондар да жөнелтілді. Жол бойында насихат пойыздары станция тұрғындары мен теміржолшыларға медициналық қызмет көрсететін болады.