Елбасы Жолдауын насихаттаушы топ Арал ауданында болды - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов бастаған топ Арал ауданында болды. Елбасы Жолдауын насихаттаушы топ теңіз төскейіндегі алғашқы қадамы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі жобасын іске асырушы бас мердігер италияндық «Salіnі Costruttorі S.P.A.» АҚ жұмысымен танысудан басталды.
None
None

Аталмыш жобадан аудан жұртшылығы зор үміт күтетіні рас. Қазіргі таңда жергілікті азаматтар осында нәпақа айыруда. Келесі кезекте «ДМСУ-22АБ» ЖШС шағын асфальт шығару зауытының тыныс-тіршілігі қонақтарға паш етілді.

Н.Кенжеғұлұлы атындағы мәдениет үйінде тұрғындармен өткізген жүздесуді аудан әкімі Нәжмадин Мұсабаев ашты. Жиналғандар алдында министр Әбілғазы Құсайынов «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасын іске асыруда атқарылған жұмыстарды көпшілік назарына ұсынды. Хабарламадан кейін кездесуге қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға кезек берілді. Аудан орталығында 40 мың халық тұрады. Даңқы әлемге мәлім Аралға шетелдіктер жиі келеді. Бас жоспар бойынша қосымша теміржол өткелін орнату қарастырылған. Дегенмен, бұл мәселе әлі шешімін күтуде. Аудан аумағынан транзит дәлізінің өткізілуімен қатар 2 асфальт зауыты салынуда. Осы зауыттарды тиімді пайдаланып, бірсыпыра көшелерді жөндеуден өткізіп алған жөн. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолы бойынан, әр ауылдардың тұсынан мал өткелдері салынса, елді мекендерде ғаламдық желінің сапалы қызмет жасауы күшейтілсе деген ұсыныстар айтылды. Жүздесу соңында Көлік және коммуникация министрі Ә.Құсайынов тұрғындарға жеке қабылдау жасады.

Соңғы жаңалықтар