Елбасы Жолдауын түсіндіру бағытындағы топ мүшелері Қаратөбе, Ақжайық аудандарында болды
Топ жетекшісі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Серікқали Бисақаев Елбасы тапсырмаларының орындалуы, нарықтық экономикадағы еңбек қатынастары, халықты жұмыспен қамту туралы және тағы да басқа тұрғындар көкейінде жүрген өзекті мәселелер жөнінде жан-жақты түсінік беріп, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап қайтарды.
Кездесу барысында Қаратөбе ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға орай өз ұсынысын жеткізді.
Сол секілді республикалық насихаттық-ақпараттық топтың мүшесі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева Ақжайық ауданы орталығында болды.
Сапар барысында аудандық бөлімдер, кәсіпорындар, ұйымдар жетекшілерімен, түрлі сала мамандарымен, тұрғындармен кездесу өткізілді. А.Төлеғалиева Елбасы Жолдауында алға қойылған мақсат-міндеттер және Президент тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде әңгімелеп, жұртшылық сауалдарына жауап берді.