Елбасы Жолдауын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттаушы топ БҚО-ға келді

ОРАЛ. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Елбасы Жолдауын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттаушы топ Батыс Қазақстан облысына келді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпанның 22-сінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студент-оқытушыларымен, дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты кешені ұстаздарымен кездесті.

Министр Елбасы Жолдауының негізгі бағыттары жөнінде әңгімелеп беріп, жиналғандардың сауалдарына жауап берді. Г.Әбдіхалықова сондай-ақ «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ қызметкерлерімен, облыстық аурухана ұжымымен де жүздесті.

Мұндай кездесулер ертең де жалғасады.

Респбуликалық ақпараттық-насихаттаушы топтың құрамында сонымен қатар ҚР Президенті Әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі Серік Нөгербеков, ҚР Индустрия және сауда министрлігі өнеркәсіп комитетінің төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Евгений Аман, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мемлекеттік активтерді мемлекеттік басқару саясаты департаментінің директоры Илона Шварцкопф, ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі ақпараттық-талдау департаменті бастығының орынбасары Олег Симсиве бар.

Соңғы жаңалықтар