Елбасы Жолдауын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттаушы топ мүшелері тұрғындармен кездесуде
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Президенті Әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі Серік Нөгербеков кеше облыстық тарихи-өлкетану мұражайында, сондай-ақ Орал қаласындағы ірі өндіріс орындары - «Орал «Зенит» зауыты» АҚ, «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, «Казтрубпром» ЖШС, «Гидромаш-Орион-МЖБК» ЖШС-де болып, қызметкерлерімен кездесіп, Елбасы Жолдауына сәйкес онжылдықта атқарылар негізгі міндеттерге толық тоқталды. Ол сондай-ақ Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті оқытушы-студенттерімен де жүздесті.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Евгений Аман Теректі және Зеленов аудандарында болса, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мемлекеттік активтерді мемлекеттік басқару саясаты департаментінің директоры Илона Шварцкопф Бөрліде жергілікті тұрғындармен кездесті. Мұнда «Жол картасы» бойынша жұмыс орындарын реттеу, балалар жәрдемақыларын көбейту сынды ауыл мен Ақсай қаласы тұрғындарын толғандырған мәселелер көтерілді. ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі ақпараттық-талдау департаменті бастығының орынбасары Олег Симсиве Теректі ауданында болып, сонымен қатар облыс құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кеңес құрды.
Кездесулер бүгін де жалғасуда.