Елбасы Жолдауын жүзеге асыруға «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлері де белсене қатыспақ (ФОТО)
Оның айтуынша, ел экономикасын көтеру мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Жолдау Ұлттық ұлан жауынгерлері үшін де аса маңызды. Президент берген тапсырмаларға сәйкес әскери қызметкерлер өздерінің дайындығын, кәсіби шеберлігін жетілдіре отырып, шаралар кешенін жүзеге асыратын болады.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, кеше Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау және Жаңаөзен қалаларындағы қолбасшылыққа қарасты барлық әскери бөлімдер тікелей эфирде Елбасының Жолдауын тыңдады. Әскери қызметкерлер мемлекет басшысының Қазақстанның әлемдік дағдарыстан шығып қана қоймай, оның табысқа жету жолдарын айқын көрсетіп бергеніне риза болды. «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери-медициналық бөлімінің бастығы, медициналық қызмет полковнигі Виктор Батпаевтың сөзіне қарағанда, Елбасы денсаулық сақтау ісіне де айрықша көңіл бөлді. Осы бағытта қолбасшылықтың жеке құрамының денсаулығын нығайту мақсатында емдеу-алдын алу шаралары алынады.