Елбасы Жолдауына сәйкес М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде де білім сапасына айрықша көңіл бөлінетін болады

ОРАЛ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Елбасы Жолдауына сәйкес М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде де білім беру жүйесін жетілдіруге, халықаралық талаптарға сай болу үшін әлемнің жетекші ЖОО-ларымен ынтымақтастық орнатуға айрықша көңіл бөлінетін болады.
None
None

Бұл туралы университет проректоры, тарих ғылымдарының докторы Әсет Тасмағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бұл бағытта қазірдің өзінде біраз табыстарға қол жеткізілді. Айталық, ресейлік ЖОО-лармен тығыз байланыс жолға қойылған. Бүгінгі таңда Ресейдің Халықтар достығы университетімен студенттерді екі дипломды жүйе бойынша оқыту жөнінде келіссөз жүргізілуде. Сондай-ақ Ресей мен Түркия елдерімен батысқазақстандық студенттердің осы мемлекеттер ЖОО-ларында білім алуы жөніндегі келісімге қол жеткізілді. Сондай-ақ бұл елдердің жастары М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-да білім ала алады.

Соңғы жаңалықтар