15:31, 13 Наурыз 2009 | GMT +5
Елбасы Жолдауына сәйкес өңірде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шаралар алынуда
ОРАЛ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елбасы Жолдауына сәйкес Батыс Қазақстан облысында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шаралар алынуда,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қаратөбе ауданының әкімі Арман Өтеғұловтың айтуынша, арнайы құрылған жұмыс тобы осы аймақтағы 48 азық-түлік дүкенін күн сайын бақылап отырады. Бағаны тұрақтандыру мақсатында коммуналдық дүкендер де ашылуда. Сондай-ақ пилоттық жоба бойынша аудан шаруашылықтарында көкөніс, бау-бақша отырғызу жұмыстары қолға алынды.
Аудан халқын жұмыспен қамту да басты назарда. Жыл басынан бері 36 жұмыс орны ашылса, алдағы уақытта тағы да 215 еңбек көзі табылмақ.