Елбасы жүктеген міндеттердің шешілуі Қазақстанның қол жеткен табыстарын берік етіп, экономиканың жаңа деңгейіне шығуына мүмкіндік береді

АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат  - Елбасы жүктеген міндеттердің шешілуі Қазақстанның қол жеткен табыстарын берік етіп, экономиканың жаңа деңгейіне шығуына мүмкіндік береді.
None
None

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП партиясының кеңейтілген отырысында баяндама жасаған Премьер-Министр Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті.

«Елбасының ағымдағы жылғы Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы негізгі міндеттер айқындалды. Бұл міндеттерді біз бірге отырып, осы жылы шешуге тиіспіз. Ал, осындай міндеттердің шешілуі Қазақстанның қол жеткізген табыстарын берік етуге және экономикамыздың жаңа даму деңгейіне көтерілуіне мүмкіндік береді. Бұл Елбасының экономикалық интеграцияға жол салған стратегиялық бағыты аясында қамтылып жатқан бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде өзекті мәселе болмақ», - деді К. Мәсімов.

Сонымен қатар Үкімет басшысы бүгінгі Қазақстанның әлемдегі жедел дамыған экономиканың қатарына енетінін айтып, 2011 жылы бірқатар экономикалық жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті. Алайда, бүгінгі жағдай басқаша.

 «Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк 2012 жылғы әлемдік экономиканың өсімін қайта қарағаны белгілі. Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша 2012 жылғы әлемдік экономикалық өсім 4,3 пайызға төмендеді. Ал, Дүниежүзілік банк бұл көрсеткішті 2,5 пайызға дейін түсірді. Әлемдік экономика қарқынының төмендеуі Қазақстанның экономикасына да әсер етеді. Мәселен, бұл көрсеткіш 2012 жылдың қаңтарында 4,8 пайыз болатын. Мұндай жағдайда Президенттің Ұлттық қор қаражатын инвестициялық жобаларға жұмсау жөніндегі тапсырмасы уақытылы әрі жағдайдың нашарлауына қарсы қабылданған оң шешім болып табылады»,-деді К. Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар